Features & Capabilities

ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (PRIVACY POLICY): https://kitap.kz/policy/privacy ҚОЛДАНУШЫ КЕЛІСІМІ (TERMS OF USE): https://kitap.kz/policy/terms-of-use

KITAP қосымшасы – кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры. Қосымшада қазақ әдебиетінің жауһарлары мен әлем әдебиетінің үздік шығармалары жинақталған. Kitap қосымшасын жүктеп алудың ең басты артықшылығы – өзіңізге ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, аудиокітаптарды тыңдай аласыз. Кітаптардың жанры әртүрлі, тақырыбы саналуан. Классикалық шығармаларды оқығаннан ләззат аласыз ба, әлде әлемдік бестселлер кітаптарға қызығасыз ба? Ғылыми-танымдық әдебиет қызықтыра ма, әлде іскерлік бағыттағы кітаптарды көбірек оқисыз ба? Бәлкім, психологияға қызығатын шығарсыз? Әлде, балаларға арналған таңдаулы шығармаларды іздейсіз бе? Мұның барлығын біздің қолданбадан табасыз. Егер оқудан гөрі тыңдау ыңғайлы болса, аудиокітаптарымыз бар. Сүйікті шығармаңызды кәсіби дикторлардың дыбыстауында тыңдауға болады. Серуенге шыққанда, сапарда жүргенде немесе жай ғана кезек күтіп отырғанда уақытты тиімді өткізгіңіз келсе, Kitap қосымшасы сенімді серік әрі пайдалы көмекші бола алады. Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармалары, Мұхтар Әуезовтің романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин мен Жүсіпбек Аймауытовтың үздік шығармалары – қосымшадағы қазынаның бір парасы ғана. Әлемдік бестселлер – «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Анна Франктің күнделігі», «Ғажайып» сынды еңбектерді қазақ тілінде оқып қана қоймай, тыңдай да аласыз. Қосымшада ұнатқан кітабыңызды Сөреге жинақтауға болады. Кітаптарды жүктеп алуға және достарыңызға жіберуге де мүмкіндік берілген. Кітаптар мен аудиокітаптар мынадай жанрлар бойынша жинақталған: • Көркем шығармалар • Тарихи шығармалар • Ғылыми әдебиет • Тұлғалық даму • Іскерлік әдебиет • Публицистика • Романтика • Психология • Бизнес • Ертегілер және т.б. Жиі қойылатын сұрақтар: Kitap қосымшасын жүктеп алу маған не береді? Kitap қосымшасы бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптарды оқуға және оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді. Kitap-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде? • Кітаптар мен аудиокітаптар қорының мол болуы; • Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін оқып/тыңдап көру мүмкіндігі; • Жеке кітапхана жасақтау; • Кітаптарды жүктеп алу; • Оқып немесе тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру; • Шығарманың қажет тұсына бетбелгі қою; • Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру; • Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау; • Кітаптың оқылған/тыңдалған кітап бөлігі пайызбен көрсетілуі; • Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға беруге болады. Kitap қосымшасында балаларға арналған шығармалар бар ма? Әрине! Қосымшада балалар әдебиеті мол. Бір ғана ертегінің 400-ден аса түрі бар. Әрі қор ұдайы толығып отырады. Қосымшада мектеп бағдарламасындағы барлық шығарманың аудионұсқасы жасалған. Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма? Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады.

User Growth & Download Statistics

App
By:
Bilim Land TOO
Version:
3.16.0 Last updated: 2026-06-03
Version code:
886417231
Creation date:
2015-10-16
Compatible devices:
Size:
50.48MB
URLs:
Privacy policy
Full description:
See detailed description
Source:
Apple Apps Store
Data ingested on:
2026-06-11
Compare stats and ranking:

Ranking

Other platforms

Android
Kitap (v3.15.4)
391,434 2.91 (2,459)

Contact the developer

Chrome-Stats does not own this Apple app. Please use these information below to contact the Apple app developer.
Developed by:
Bilim Land TOO
Apple Apps Store
https://apps.apple.com/lt/app/kitap/id1046439139

User Reviews

I have checked couple of time and I am pretty sure this is not my fault: I change different vpns to use this app but it won’t work , I check the setting and it’s neither the problem of internet setting, internet works well but when it comes to this app it’s always shows that internet isn’t working this is really annoying
by ae*****, 2022-10-17

Әп әдемі ақ істеп тұр еді, кешелі бері жау тигендей, еш кітап ашылмай қалды. Жаңарту қажет болар деп, жаңартып едім, бәрібір, барлық кітаптар ашылмай тұр. Әйтпесе өте керемет жоба, жұмыстан қол тимей, кітап оқудан қалып едік, ертелі кеш рөлде отырып, қазақша кітап тыңдаған қандай керемет
by ha*****, 2021-10-22

Өте жақсы, көп рахмет!
by xd*****, 2021-04-22
View all user reviews ›

Best Kitap Alternatives

Here are some Apple apps that are similar to Kitap: